Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Теміржол өткеліндегі қақтығыс
Басты Сот және сот төрелігі Теміржол өткеліндегі қақтығыс

Шарбақты аудандық сотымен "Шығыс жолдары" ЖШС-нің жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қаралды.

2019 жылы 26 ақпанда сағат 09.25 - те жүргізуші мас күйінде бола тұра, көлікті теміржол өткелінде басқара отырып, "тоқтаусыз қозғалуға тыйым салынады" жол белгісін, сондай-ақ теміржол өтпесі арқылы қозғалуға тыйым салатын семафордың қызыл сигналын елеместен, қозғалысты жалғастырып, темір жолмен жүріп келе жатқан жүк поезымен соқтығысқан.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап және сотта түсіндіргендей, өткелге тоқтағынын және қалай өткені туралы есінде жоқ.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 608 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танып, оны 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырды.

Қаулы заңды күшіне енді.

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»