Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ауыр қылмыс жасағаны үшін
Басты Сот және сот төрелігі Ауыр қылмыс жасағаны үшін

Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауылының 1993 жылы туылған тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2019 жылдың 01 қаңтарында сағат 22.00 шамасында сотталушы достарымен Жаңа жылды мерекелеуге байланысты ішімдік ішкен.

Сотталушы мен жәбірленуші арасында үстел үстінде отырған кезде ауызша жанжал орын алған. Содан кейін олар көшеге қарым-қатынасты анықтауға шықты. Жәбірленуші сотталушыны басынан бір рет жұдырықпен ұрған. Сотталушы үйдің дәлізіне кіріп, ас үй пышағын алып, сотталушыға ішінің тұсына бір соққы беріп, соңғысының денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. 

Жәбірленушінің пікірін ескере отырып, сот сотталушыға ҚК-нің 106 бабының 1 бөлігімен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сонымен қатар, сот сотталушыдан жәбірленушінің стационарлық емі үшін материалдық шығынды, мемлекеттік бажды, іс жүргізу шығындарын және жәбірленушілердің қорына төлемді мемлекет пайдасына өндіріп алды.

Үкім  заңды күшіне енді.

 

 "Баспасөз қызметі

Шарбақты аудандық сотының»