Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Медиация тәртібінде шешілді
Басты Сот және сот төрелігі Медиация тәртібінде шешілді

Шарбақты аудандық сотымен ортақ берешекті бөлу туралы жұбайының талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа жаупкерден берешек сомасын өндіріп алу туралы арыз түсірді. Некеде тұру кезінде талапкер берешек алу туралы келісім шартқа отырған. Некені бұзудан кейін кредит бойынша қарыз 551548 тенгені құраған.

Сотта тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келесі келісімге отырған:

Жауапкер 275774 теңге көлемінде қарызды төлеу есебіне талапкерге ай сайын 10000 теңге немесе мүмкіндігінше үлкен ақша сомасын төлеуге міндеттенеді.

 Жауапкер талапкердің арызы бойынша өзіне алған міндеттемелерін бұзған жағдайда сот ақшалай борышты өндіріп алу туралы атқару парағын жазады.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сонымен қатар, талапкерге мемлекеттік баж қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

"Баспасөз қызметі

Шарбақты аудандық сотының»