Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Аудан тұрғыны сотталды
Басты Сот және сот төрелігі Аудан тұрғыны сотталды

Шарбақты аудандық сотымен еш жерде жұмыс істемейтін Шарбақты ауылының 1991 жылы туылған тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2019 жылдың 12 қаңтары күні сағат 21 шамасында сотталушы мас күйінде Шарбақты ауылында орналасқан дүкендердің біріне келіп, сатушыдан бір бөтелке арақ қарызға сұраған, бірақ сатушы бермеген.

Осыдан кейін сотталушы үйіне барып, асүй пышағын алып келіп, сатушына пышақпен қорқытып, арақ беруін талап еткен. Сатушы оның талабын орындап, бір бөтелке арақ берген.

Сотта сотталушымен және жәбірленушінің арасында кінәсін мойындау туралы процессуалды келісім жасалды.

Сот сотталушына ҚК 192 б. 1 б. бойынша айыпты деп танып, қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздіктегі мекемесінде жазасын өтеумен 3 жыл 1 ай мерзіміне бас бостандығын айыру жазасын тағайындады.

Сондай ақ, сотталушыға алкогольдік тәуелдіктен емделу шарасы қолданылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»