Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Арақ сатқаны үшін
Басты Сот және сот төрелігі Арақ сатқаны үшін

 Шарбақты аудандық сотымен Орловка ауылының зейнеткеріне қатысты әкімшілік іс қаралды.

 2019 жылдың 22 ақпаны күні құқықбұзушы алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сатқан.

Сот отырысында әйел кінәсін толық мойындап, оның зейнеткер екенін, жалғыз тұратынын түсіндірді. 2019 жылы 22 ақпанда сағат 20.00 шамасында үйге Орловка ауылының тұрғыны келді. Ол оған 600 теңгеге бір бөтелке арақ сатқан. Арақты үйден сатуға болмайтыны туралы ол білмеді. 

Құқықбұзушы бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын, жасы ұлғайғанын, сондай-ақ құқық бұзушының алкоголь өнімін өткізумен бұрын айналыспағанын, өзінің іс-әрекеттерімен ешкімге зиян келтірмегенін ескере отырып, сот оны ауызша ескертумен шектеліп, құқық бұзушылықтың маңыздылығының аз болуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатты.

Сонымен қатар, сот "Пшеничная" маркалы арақты мемлекет пайдасына тәркіледі.             

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»