Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мектепте ұсақ құқықбұзушылық жасаған
Басты Сот және сот төрелігі Мектепте ұсақ құқықбұзушылық жасаған

Шарбақты аудандық сотымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Шарбақты ауылының № 3 жалпы орта білім беру мектебінің техникалық қызметкеріне қатысты әкімшілік іс қаралды.

2019 жылы 31 қаңтарда күні сағат 18.30 шамасында құқықбұзушы мектепте кәмелетке толмаған балалардың көзінше балағат сөздер айтқан.

Сот отырысында әйел кінәсін мойындамай, ол 2019 жылдың  31 қаңтарында спортзалының киім ауыстырғышында болғанын, онда балалар жүгіріп, үй-жайды тазалау бойынша өзінің функционалдық міндеттерін орындауға кедергі келтіргенін көрсетті. Содан кейін ол балалардан шешінетін бөлмеден шығуды сұрады, балаларға қарсы былапыт сөздер айтылмаған.

Алайда, құқық бұзушының түсініктемесі сот жауап берген кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілінің және куәлардың айғақтарымен теріске шығарылды.  

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 12 625 теңге көлемінде әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»