21 Сентября
, 04:54
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Естірткінің мемлекеттік шекара арқылы алып өтпек болған
Басты Сот және сот төрелігі Естірткінің мемлекеттік шекара арқылы алып өтпек болған

Шарбақты аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі затын заңсыз өткізбек болғаны үшін Павлодар қаласының, 1985 жылы туылған тұрғыны сотталды.

2018 жылдың 5 желтоқсаны күні сотталушы «Шарбақты» (автомобильное) шекара өткізу бекетіне келген. Өз кезеген күту барысында қызметтік иттің көмегімен тексеру барысында сотталушының сол қалтасынан салмағы 8,365 грамм кептірілген марихуана есірткі заты табылған.

Сотта сотталушы кінәсін толығымен мойындап, 2018 жылдың 2 желтоқсаны күні есірткіні жеке қолдануы үшін сатып алып, өзінің үйінде сақтағанын көрсетті.

Сот оны ҚК 24 б. 3 б. - 286 б. 1 б., 296 б. 2 б. бойынша айыпты деп танып, 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сондай ақ, сот сотталушыға есірткіге тәуелділіктен емделу шарасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»