Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Заңсыз естірткі тасымалдаған
Басты Сот және сот төрелігі Заңсыз естірткі тасымалдаған

Шарбақты аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі затын заңсыз өткізбек болғаны үшін Ресей  Федерациясының азаматы сотталды.

2018 жылдың 4 желтоқсаны күні сотталушы «Павлодар-Михайловское» бағытындағы автобуспен Ресейдің Алтай өлкесіне шыққан. «Шарбақты» (автомобильное) шекара өткізу бекетінде қызметтік иттің көмегімен тексеру барысында сотталушыда салмағы 4,10 грамм кептірілген марихуана есірткі заты табылған.

Сотта сотталушы кінәсін толығымен мойындап, соттан қатаң жазаламауды сұрады.

Сот оны ҚК 286 б. 1 б., 296 б. 2 б. бойынша айыпты деп танып, 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сондай ақ, сот сараптама жүргізгені үшін шығындарды және жәбірленушілерге өтемақы қорына төлемді сот сотталушыдан іс жүргізу шығындарын өндіріп алды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 «Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»