Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Баланың тәрбиесімен айналыспағаны үшін
Басты Сот және сот төрелігі Баланың тәрбиесімен айналыспағаны үшін

Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауылының 1981 жылы туылған тұрғынына қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Құқықбұзушы өзінің 2002 жылы туған ұлының тәрбиесі мен білім алуымен дұрыс айналыспаған. Хмельницкое ауылындағы мектеп-интернатынан өз бетімен сабақтан кетіп қалу фактілері жиі орын алған.

Сотта кәмелетке толмаған баланың анасы кінәсін толық мойындады.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, (ата-аналардың кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен оқыту міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамауы) 12 373 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»