Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
«Заң керуені» шарасы
Басты Сот және сот төрелігі «Заң керуені» шарасы

IMG_832  необходимо для вебсайта3

2019 жылдың 13 наурызында Шарбақты аудандық сотымен ауданның алшақ елді мекені Шалдай ауылында «Заң керуені» шарасы ұйымдастырылды.

Жұмыс тобы құрамына суот төрағасы Х.Сраилов, судья Е.Қалкен, аудан прокуроры Е.Сеитов, полиция бөлімі басшысы Е.Нургалиев, әділет басқармасы басшысы А.Байзакова, кәсібі медиатор Е.Хамитов, «Трибуна» газетінің редакторы А.Алтай енді.

Аталған сапардың мақсаты - "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, жүктемені оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан ірі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру, сонымен қатар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға заңгерлік көмек көрсету.

Іс-шара қорытындысы бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды, бұл негізінен "Ертіс орманы" МОТР РММ қызметкерлері, онда тілек білдірушілер заң кеңесін және құқықтық көмек алды.

Жұмыс тобы Шалдай психоневлогиялық орталыңына барып шықты.

Мұндай акцияны сот алғаш рет өткізеді және басқа елді мекендерде жалғастыру жоспарланып отыр.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»