Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттағаны үшін жауапкершілікке тартылды
Басты Сот және сот төрелігі Қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Шарбақты аудандық сотымен қатыгездік пен зорлық-зомбылық мәліметтері бар ақпаратты сақтағаны үшін 1991 жылы туған Тәжікстан Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2019 жылы 13 наурызда "Шарбақты-авто" шекара бекетінде құқық бұзушыдан тексеру барысында анықталған ішінде қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын бейнесі бар "Samsung Galaxy J2" маркалы ұялы телефон тәркіленді.

Сот отырысында шетелдік азамат кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін айтты.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 176 750 теңге көлемінде айыппұл тағайындады.

Сонымен қатар, ұялы телефон мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»