Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Инспектор жазаланды
Басты Сот және сот төрелігі Инспектор жазаланды

Шарбақты аудандық сотымен «Ертіс орманы» РММ-нің инспекторына қатысты әкімшілік іс қаралды.

2019 жылдың 26 қаңтары күні сағат 17 шамасында құқықбұзушы көлік жүргізу құқығы болмай тұра, есірткілік масаң күйінде «Белорус» маркалы тракторды Ближний Бузулань ауылының жанында жолда басқарып келе жатып, ұсталған.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін мойындып, өзінде жүргізуші куәлігі жоқтығын, тракторға отырмас бұрын марихуана қолданғанын түсіндірді.

Сот оны ӘҚБК 608 б. 6 б. бойынша айыпты деп танып, 20 тәулікке қамауға  алу жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»