Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Есіртке қолданған
Басты Сот және сот төрелігі Есіртке қолданған

Шарбақты аудандық сотымен көлікті есірткілік масаң күйінде басқарғаны үшін «Победа» ЖШС-нің 1972 жылы туылған жұмыскеріне қатысты әкімшілік іс қаралды.

2019 жылдың 09 қаңтары күні сағат 12 шамасында құқықбұзушы Шарбақты ауданы Орловка ауылында есірткілік масаң күйінде «ВАЗ 21051» маркалы көлікті басқарған.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін мойындып, марихуана қолданып, көлікті басқаруға отырғанын түсіндірді.

Сот оны ӘҚБК 608 б. 6 б. бойынша айыпты деп танып, 3 жылғы көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»