Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Алкогольді заңсыз сатқан
Басты Сот және сот төрелігі Алкогольді заңсыз сатқан

Шарбақты аудандық сотымен алкогольді өнімді жүкқұжатсыз сатқаны және тасымалдағаны үшін Шарбақты ауылының жеке кәсіпкеріне қатысты әкімшілік іс қаралды.

Шарбақты ауданының мемлекеттік кірістер басқармасымен тексеру барысында Шарбақты ауылының дүкенінде жеке кәсіпкер алкогольді өнімді жүкқұжатсыз сақтап және сатқаны анықталды.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, қатаң жазаламауды сұрады.

Сот құқықбұзушыны ӘҚБК 282 б. 3 б. 7 т. бойынша айыпты деп танып, 132 563 тенге көлемінде айыппұл тағайындады. Сондай ақ, алкогольді өнімдер 52 бөтелке арақ, коньяк, шарап мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»