21 Сентября
, 05:17
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ресей азаматшасы жазаланды
Басты Сот және сот төрелігі Ресей азаматшасы жазаланды

Шарбақты аудандық сотымен Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясының, 1998 жылы туылған азаматшасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

2018 жылдың 26 желтоқсаны күні «Шарбақты» (теміржол) шекара бекетінде тексеру барысында, Қазақстан Республикасында ішкі істер органдарының рұқсатынсыз мерзімнен тыс болған Ресейдің Саха Республикасының азаматшасы анықталған.

Сот  отырысында құқықбұзушы кінәсін мойындап, өзінің Астана қаласында жоғарғы білім беру орнында бірінші курста оқитынын түсіндірді. Жаңа жылдық демалысқа үйіне Якутияға бара жатқанда, шекара қызметкерлерімен ұсталған. Көш-қон заңнамасын өзінің немқұрайлығынан бұзған.

Сот құқықбұзушыны ӘҚБК 517 б. 2 б. бойынша айыпты деп танып, 36 075 тенге көлемінде айыппұл тағайындады. Құқықбұзушы айыппұлды қаулы заңды күшіне енгенше ерікті түрде төледі.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

          «Шарбақты аудандық сотының

          баспасөз қызметі»