22 Сентября
, 12:15
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Анасы мен баласы ұрлық жасаған
Басты Сот және сот төрелігі Анасы мен баласы ұрлық жасаған

Шарбақты аудандық сотымен Красиловка ауылының тұрғындарына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2018 жылдың 22 қазаны күні сағат 12:00 шамасында ұлымен анасы Красиловка ауылындағы Южная көшесінде орналасқан үйге келген. Ұлы есікте ілініп тұрған құлыпты жұлып алып ішке енген. Осы уақытта анасы далада өздерін ешкімнің байқап қалмауын қарап тұрған. Бөлме ішіндегі шкафтан сотталушы 104 000 тенгені ұрлап кеткен.

Сотта сотталушылар кінәларын мойындап, 2018 жылдың 22 қазанында үйден ұрлық жасау үшін шыққан. Ұрлық жасағаннан кейін дүкенге кіріп, бір бөтелке арақ, халва, темекі сатып алған.

Жәбірленуші сотталушыларға жаза тағайындауды соттың шешіміне қалдырды.

Сот сотталушыларды ҚК 188 б. 2 б. , 1,3 т. бойынша айыпты деп танып, 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

          Үкім заңды күшіне енді.

 

        «Шарбақты аудандық сотының

         баспасөз қызметі»