Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Сот заңсыз алынған зейнетақыны өндіріп алды
Басты Сот және сот төрелігі Сот заңсыз алынған зейнетақыны өндіріп алды

Шарбақты аудандық сотымен қысқартылған тәртіпте заңсыз алынған зейнетақы сомасы өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің материалдарына сәйкес жауапкер Астана қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамның зейнетақы алушысы болып табылған.

Тексеру барысында жауапкер 2014 жылдың 15 қыркүйегі және 2018 жылдың 27 шілдесі бойынша зейнетақыны заңсыз алып келген.

Жауапкерге соманы ерікті түрде қайтару туралы хабарлама жолданған, бірақ ол орындалмаған.

Сот жауапкерден республикалық бюджетке келтірілген шығын сомасын 3142381 тенгені өндіріп алды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»