Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жүргізуші жазаланды
Басты Сот және сот төрелігі Жүргізуші жазаланды

Шарбақты аудандық сотымен көлікті алкогольді мас күйінде жүргізу фактісі бойынша Шарбақты ауылының 1993 жылы туылған тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды. 2018 жылдың 30 мамыры күні Шарбақты ауылы 1 Май - Абенов көшелері қиылысында алкогольді мас күйінде «ВАЗ 21150» көлігін басқарып келе жатқан  құқықбұзушы полиция қызметкерлерімен ұсталды. Сотта құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, сол күні өзінің сыра ішіп, көліккке отырғанын түсіндірді. Медициналық куәландыру қорытындысымен келіседі. Сот жүргізушіні ӘҚБК 608 б. 1 б. бойынша айыпты деп танып, 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»