Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Көш-қон заңын бұзған
Басты Сот және сот төрелігі Көш-қон заңын бұзған

Шарбақты аудандық сотымен 1949 жылы туылған Ресей азаматшасына қатысты әкімшілік іс қаралды. 2018 жылдың 14 желтоқсанында «Шарбақты» шекара тексеру бекетінде Қазақстан Республикасының көш-қон ережесін бұзып, ішкі істер органдарында тіркелусіз ҚР аумағында мерзімнен тыс болған Ресей азаматшасы анықталды. Сотта құқықбұзушы кінәсін мойындап, көш-қон заңын білмеуіне байланысты ҚР аумағын уақытында тастап шықпағанын түсіндірді. Сот құқықбұзушыны ӘҚБК 517 б. 2 б. бойынша айыпты деп танып, 36075 тенге көлемінде айыппұл жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

 «Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»