18 Сентября
, 20:49
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Заңды талапқа бағынбау
Басты Сот және сот төрелігі Заңды талапқа бағынбау

Шарбақты аудандық сотымен әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын күзетуіне жөніндегі міндеттерін атқаруына байланысты заңды талабын орындамағаны үшін Павлодар қаласынан екі тұрғынына қатысты әкімшілік іс  қаралды.

2018 жылдың 25 қарашасы күні «Шарбақты» (автомобильное) шекара өткізу бекетінде Славгород қаласына бара жатқан «Газель» маркалы автокөлігін тексеру барысында құқықбұзушылар шекара қызметінің қызметкерлерін балағаттап, жеке заттарын тексеруге арналған арнайы  орынға  барудан бас тартқан.

Сот құқықбұзушыларды ӘҚБК 516 б. 1 б. бойынша айыпты деп танып, бір құқықбұзушыға 5 тәулікке қамауға алу, ал екіншісіне 16 835 тенге айыппұл тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»