Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Элеватордағы жанжал
Басты Сот және сот төрелігі Элеватордағы жанжал

Шарбақты аудандық сотымен «Шарбақты элеваторы» ЖШС-нің, 1977 жылы туылған жұмыскеріне қатысты әкімшілік іс қаралды.

2018 жылдың 09 қазаны күні құқықбұзушы әйел өзінің әріптесіне дене жарақатын келтірген.

Сарапшының қорытындысына сәйкес жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зақым келтірілген.

Сотта тараптар жанжалды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келіп, оған сәйкес құқықбұзушы келешекте жәбірленушімен жанжалдаспауға, ал жәбірленуші келісім шарттарымен келісіп, құқықбұзушыны кешіреді.

Сот ӘҚБК 73-1 б. 1 б. әкімшілік істі медиация тәртібінде қысқартты.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»