Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Есірткіні заңсыз тасымалдау
Басты Сот және сот төрелігі Есірткіні заңсыз тасымалдау

Шарбақты аудандық сотымен ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз есірткі алып өтпек болған 1969 жылы туылған, еш жерде жұмыс істемейтін Ақсу қаласының тұрғыны сотталды.

2018 жылдың 18 маусымы күні «Шарбақты» (автомобильное) шекара бекетінде тексеру барысында сотталушының іш киімінде жасырылған көз әйнек құтысының ішінен кептірілген есірткі заты «марихуана» және шегуге арналған түтікті «Мадам» атты қызметтік ит тауып алған.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толығымен мойындап, есірткіні Ақсу қаласында подъезден тауып алып, өзі қолдану үшін сақтап қойғанын түсіндірді.

Сот сотталушыны ҚК 296 б. 2 б., 286 б. 1 б. бойынша айыпты деп танып, мәжбүрлі жұмысқа тартумен 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сондай ақ, сотталушыдан сот сараптамасын өткізу үшін  151 255 тенге шығын өндіріліп алынды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»