Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ата-аналық құқығынан айырылды
Басты Сот және сот төрелігі Ата-аналық құқығынан айырылды

Шарбақты аудандық сотымен ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа 2010 және 2010 жылы туылған балаларға қатысты ата-аналық құқығынан айыру туралы талап-арызбен жүгінді. Ол балалардың әкесімен 2013 жылдан бері бірге тұрмайды. Жауапкер ұзақ уақыт балалардың тәрбиесімен,  денсаулығы және оқуымен айналыспайды. Алимент бойынша 1442533 тенге қарызы бар.

Баланың сынып жетекшісі сот отырысында баланың әкесін мектеп жиналысында көрмегенін, мектепке оны анасы әкелетінін, оқушы әкесі туралы ештеңе айтпайтынын түсіндірді.

Психолог балалар өз әлемдерінде тек қана анасын көретінін, өмірлерінде әкесін көрмейтіні туралы түсінік берді.

Сот жауапкерді  екі баланға қатысты ата-аналық құқығынын айыру туралы шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»