Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Медиация тәртібінде шешілді
Басты Сот және сот төрелігі Медиация тәртібінде шешілді

Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауылының еш жерде жұмыс істемейтін үш тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2018 жылдың 17 қыркүйегі күні сағат 20:00 шамасында сотталушылар «Шарбақты элеваторы АТО» ЖШС-нің қоймасына кіріп, 13 дана теміржол рельстерін ұрлап, элеваторға 52000 тенгеге шығын келтірген.

Сот тергеуі басталмас бұрын тараптар шығынның өтелуімен жанжалды медиация тәртібінде шешіп, келісімге келді.

Сот қаулысымен қылмыстық іс ҚК 188 б. 2 б. 1,3 т. бойынша медиация тәртібінде қысқартылды.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»