Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Діни әдебиетті заңсыз таратқан
Басты Сот және сот төрелігі Діни әдебиетті заңсыз таратқан

ҚР діни қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауылының 1973 жылы туылған тұрғыны жауапкершілікке тартылды.

2018 жылдың 1 ақпанында құқықбұзушы әйел өз үйінен интернет ресурсын пайдалана отырып, «ОLХ» сайтына діни әдебиетті, яғни «Крепость мусульманина», «Күнделікті оқылатын дұғалар», «Мұсылманша түс жору» кітаптарын сату туралы хабарландыру таратқан.

Сот отырысының уақыты, күні және өтетін орыны туралы тиісті түрде хабарландырылған құқықбұзушы сотқа келген жоқ.

Сот оны ӘҚБК 490 б. 1 б. 3 т. бойынша айыпты деп танып, 120 250 тенге көлемінде айыппұл тағайындады.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»