Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Есірткіні заңсыз тасымалдау
Басты Сот және сот төрелігі Есірткіні заңсыз тасымалдау

Шарбақты аудандық сотымен ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз есірткі алып өтпек болған 1994 жылы туылған, еш жерде жұмыс істемейтін Шарбақты ауылының тұрғын сотталды.

2018 жылдың 17 шілдесі күні «Шарбақты» (автомобильное) шекара бекетінде автокөлікті тексеру барысында «Герда» атты қызметтік иттің көмегімен салмағы 3,80 грамм болатын марихуана есірткі заты табылған.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толығымен мойындап, Шарбақты ауылында автобекеттің жанынан өсіп тұрған конопляны теріп алып, досының авкокөлігінің ауа сүзгісіне салып қойғанын түсіндірді.

Сот сотталушыны ҚК 296 б. 2 б., 286 б. 1 б. бойынша айыпты деп танып, 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»