18 Сентября
, 19:55
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Виртуалды сот

Шарбақты аудандық сотымен ӘҚБК 462 б. 3 б. бойынша Шалдай ауылы мектебінің директорына қатысты әкімшілік іс виртуалды сот арқылы қаралды.

2018 жылдың 24 сәуірінде мектеп директорының атына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында бұзушылық бойынша нұсқама ұсынылған.

Бірақ, тексеру барысында бес тармақтың бірі орындалмағанын, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды жоқтығы анықталған.

Сотта директор аталған нұсқама ақшалай қаражаттың жоқтығына байланысты орындалмағанын түсіндірді. Қаражат бөлу туралы ол Шарбақты ауданының білім бөліміне қолдау хат жолдаған.

Сот қаулысымен әкімшілік құқықбұзушылық құрамы жоқтығына байланысты әкімшілік істі қысқартылды.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»