Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
«Мобильдік сот» арқылы ҰОС ардагерінің талап-арызы қаралды
Басты Сот және сот төрелігі «Мобильдік сот» арқылы ҰОС ардагерінің талап-арызы қаралды

20181024_122931

Шарбақты аудандық сотымен өз еркімен салынған құрылысқа және жер учаскесіне меншік құқығын тану туралы азаматтық іс «Мобильдік сот» қосымшасы арқылы қаралып, қанағаттандырылды.

Сотқа Шарбақты ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері және мүгедегі Ефим Емельянович Петренко жүгініп, өз күшімен салған құрылысқа және жер учаскесіне меншік құқығын тану талап – арызбен жүгінді.

Ардагер өзінің жасына қарамастан, мобильді қосымша арқылы үйде отырып, өзінің заңды мүддесін қорғады.

Сондай ақ, бүгін Ефим Емельянович 101 жасқа толды. Сот қызметкерлері аталған жағдайды пайдалана отыра ардагерді туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, отбасына береке тіледі.

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»