Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ата-аналық құқығынан айырылды
Басты Сот және сот төрелігі Ата-аналық құқығынан айырылды

Шарбақты аудандық сотымен жасөспірім балалардың әкесін ата-аналық құқығынан айыру туралы өтініші бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкердің талап-арызына сәйкес ол балалардың әкесімен 2015 жылдан бері бірге тұрмайды. Жауапкер ұзақ уақыт балалардың тәрбиесімен,  денсаулығы және оқуымен айналыспайды. Алимент бойынша 1011927 тенге қарыз бар.

Сот отырысының уақыты, орыны және күні жайлы хабарландырылған жауапкер сотқа келген жоқ.

Баланың сынып жетекшісі сот отырысында баланың әкесін мектеп жиналысында көрмегенін, мектепке оны анасы әкелетінін, оқушы әкесі туралы ештеңе айтпайтынын түсіндірді.

Психолог балалар өз әлемдерінде тек қана анасын көретінін, өмірлерінде әкесін көрмейтіні туралы түсінік берді.

Сот іс материалдарын, процеске қатысушыларды және прокурордың қорытындысын зерделеп, жауапкерді ата-аналық құқығынын айыру туралы шешім шығарды.

 

   «Шарбақты аудандық сотының

   баспасөз қызметі»