Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мас жүргізуші

Шарбақты аудандық сотымен бірнеше рет заңды бұзған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды.

 2015 жылы сотталушы көлік құралын алкогольді мас күйінде жүргізгені үшін ӘҚБК 608 б. 1 б. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

 2018 жылдың көктемінде ол көлік басқаруына қайта мас күйінде отырып, сотпен ҚК 346 б. 1 б. бойынша сотталып, түзету жұмыстарына және көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалған.

Бірақ, сотталушы мұнымен шектелмей 2018 жылдың 12 қыркүйегінде мас күйінде көлікпен полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Сотта сотталушы кінәсін толығымен мойындады.

Сот оны ҚК 346 б. 1 б. бойынша айыпты деп танып, үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырумен 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Сондай ақ, сотталушыдан жәбірленушілердің өтемақы қорына 12 0250 тенге өндіріліп алынды. Бұл соманы сотталушы өз еркімен төледі.

Үкім заңды күшіне енді   

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»