Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Элеватордағы ұрлық
Басты Сот және сот төрелігі Элеватордағы ұрлық

Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты элеваторы ЖШС-нің екі жұмыскеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

2018 жылдың 05 қыркүйегі күні сотталушылар элеватордың ғимаратының бірінен салмағы 20 килограмм болатын электрлік қозғалтқыштың жез сымдарын ұрлап кетіп, ЖШС-ге 38000 тенгеге шығын келтірген.

Сот тергеуі басталмас бұрын тараптар шығынның өтелуімен жанжалды медиация тәртібінде шешіп, келісімге келді.

Сот қаулысымен қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

   

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»