Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жасөспірім жарақат алды
Басты Сот және сот төрелігі Жасөспірім жарақат алды

Шарбақты аудандық сотымен кәмілетке толмаған балаға дене жарақатын келтірген Шалдай ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

2018 жылдың 15 шілдесі күні құқықбұзушы Шалдай ауылында «Ауди-80» көлігімен артқа жүргізу кезінде баланы қағып кетіп, оған жеңіл дене жарақатын келтірген.

Сот отырысында жүргізуші кінәсін толығымен мойындап, баланы абайсызда қағып кеткенін түсіндірді. Көліктен түсіп, балаға жақындаған кезде, ол велосипедке отырып, кетіп қалған. Кейін ол ауруханаға жарақаты бойынша жүгінгенін полиция қызметкерлерінен білген. Өзі баламен барлығы дұрыс деп ойлағаннан оқиға туралы ешқайда хабарламаған.

Сот құқықбұзушыны ӘҚБК 610 б . 2 б. бойынша айыпты деп танып, 96200 тенге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайынады.

Қаулы заңды күшіне енді

         «Шарбақты аудандық сотының

          баспасөз қызметі»