Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Дүкенде ұрлық жасаған
Басты Сот және сот төрелігі Дүкенде ұрлық жасаған

Шарбақты аудандық сотымен еш жерде жұмыс істемейтін Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2018 жылдың 1 сәуірінде сағат 10:00 шамасында сотталушы Шарбақты ауылында орналасқан «Светлана» дүкеніне кіріп, ашық түрде, тоңазытқыштан құны 1700 тенге тұратын майды ұрлап, бірақ сатып алушымен ұсталған.

Аталған сотталушы 2018 жылдың 5 сәуірінде сағат 20:00 шамасында Шарбақты ауылында орналасқан «Глория» дүкеніне кіріп, ашық түрде құны 340 тенге тұратын «Rоthmаns» темекісін ұрлап кеткен. Бірақ сатушымен ұсталған.

Сот сотталушыны ҚК 23 б. 3 б., 191 б. 2 б. бойынша айыпты деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сондай ақ, оған дәрігер психиатрда мәжбүрлі түрде қаралу және емделу шарасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

         «Шарбақты аудандық сотының

          баспасөз қызметі»