Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Берешек өндіріліп алынды
Басты Сот және сот төрелігі Берешек өндіріліп алынды

Шарбақты аудандық сотымен берешекті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қысқартылған тәртіпте қаралды.

Талап арызға сәйкес, жауапкер талапкерге 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін 250000 тенге қарызды төлеп беруге міндеттеліп, жазбаша қолхат берген.

Бірақ жауапкер аталған міндетті орындамай, қарызды толық өтемеген.

Сот талап арызды толығымен қанағаттандырып, жауапкерден берешек сомасын, мемлекеттік баж салығын және сот шығындарын өндіріп алды.

Шешім заңды күшіне енді.

         «Шарбақты аудандық сотының

          баспасөз қызметі»