18 Сентября
, 20:27
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Туысқандық қатынастары анықталды
Басты Сот және сот төрелігі Туысқандық қатынастары анықталды

Шарбақты аудандық сотымен заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық іс қаралды.

Өтініш беруші сотқа өтініш түсіріп, онда 2018 жылдың наурыз айында әкесі қайтыс болғаннан кейін бір айлық зейнетақысы және бір реттік жәрдемақы түрінде мұра ашылғанын көрсетті. Белгісіз себептермен өзінің туу туралы куәлігінде әкесінің аты дұрыс жазылмаған. Аталған жайт мұрагерлік қабылдап алуға кедірге келтірген, сондықтан туысқандық қатынасын анықтау қажет.

Сот өтініш берушінің талабын қанағаттандырып, қайтыс болған әкесі арасындағы туысқандық қатынасын анықтау туралы шешім шығырды.

Шешім заңды күшіне енді.

          «Шарбақты аудандық сотының

          баспасөз қызметі»