Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жасөспірім соқтығыс жасаған
Басты Сот және сот төрелігі Жасөспірім соқтығыс жасаған

Шарбақты аудандық сотымен Павлодар колледжінде оқитын жасөспірімге қатысты әкімшілік іс қаралды.

2018 жылдың 2 маусымында сағат 22:00 шамасында кәмілеттік жасқа толмаған құқықбұзушы Шарбақты ауылының Ленин-Абенов көшелері қиылысында мопедті басқарап келе жатып, «Жол бер» белгісіне мән бермей, автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығыс барысында мопед жүргізушісі және жолаушы дене жарақаттарын алған.

Сотта құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, жол соқтығысы өзінің кінәсі бойынша болғанын түсіндірді. Материалды шығын толығымен өтелген.

Сот жасөспірімнің құқықбұзушылықты бірінші рет  жасап тұрағанын, оқу орны бойынша жақсы жағынан мінезделетінін ескере отыра оны ӘҚБК 610 б. 3 б. бойынша әкімшілік жауапкершіліктен босатып, заңды түсіндіру түрінде тәрбиелеу шарасын қолданды. Сондай ақ, алты айға көлік басқару құқығынын айырды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметінің ақпараты бойынша