Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ұрлық фактісі бойынша іс қаралды
Басты Сот және сот төрелігі Ұрлық фактісі бойынша іс қаралды

Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауылының 1992 жылы туылған еш жерде жұмыс істемейтін тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2018 жылдың 12 сәуірінде сотталушы Николаевка ауылындағы «Белгісіз солдат» ескерткіші қоршалған темір шынжырын ұрлап кеткен.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толығымен мойындап, сотқа темірді ұсақ бөлшектерге бөліп, темір қабылдау орнына 20000 тенгеге тапсырғанын түсіндірді.

Алексеевка ауылының әкімі сотқа Николаевка ауылында Белгісіз солдатқа арналған ескерткіш әкімдік балансында тұрғанын түсіндірді. Қылмыс барысында 30000 тенгеге шығын келтірілген. Шығын өтелмеген.

Сот сотталушыны ҚК 188 б. 1 б. бойынша айыпты деп танып, 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сондай ақ, «ВАЗ-21043» автокөлігі қылмыс құралы ретінде мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметінің ақпараты бойынша