Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Есірткі өткізбек болған
Басты Сот және сот төрелігі Есірткі өткізбек болған

Шарбақты аудандық сотымен ҚР шекарасына есірткі затын заңсыз алып өтпек болған Лебяжье ауданының, 1987 жылы туылған тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2018 жылдың 18 наурызда сағат 23:30  «Павлодар-Новосибирск» бағытындағы автобусты тексеру барысында қызметтік иттің көмегімен сотталуышының сөмкесі ішінен салмағы 0,50 грамм есірткі зат кептірілген марихуана табылған.

Сотталушы сот отырысында кінәсін мойындап, есірткі оралған ораманы Павлодар қаласында тауып алғанын, кейін қолданбақ болып сөмкесіне салып алғанын түсіндірді. Соттан қатаң жазаламауды сұрады.

Сот сотталуышыны ҚК 296 б. 2 б., 286 б. 1 б. бойынша айыпты деп танып, 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі