Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шекараны заңсыз өткен
Басты Сот және сот төрелігі Шекараны заңсыз өткен

Шарбақты аудандық сотымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз өткен еш жерде жұмыс істемейтін және тұрғылықты мекен жайсыз 1973 жылы туылған Ресей азаматы сотталды.

Ресейлік 2018 жылдың 16 мамыры күні сағат 04:00 шамасында жаяу Ресейден Қазақстанға арнайы бекетті айналып заңсыз өтіп кеткен.

Сотталаушы кінәсін мойындап, 2018 жылдың 13 мамыры күні өзінің Ерементау қаласындағы әкесінің қайтыс болғанын түсіндірді. Өзінің төлқұжаты жоқтығына және төленбеген айыппұлы барлығына байланысты шекарадын өткізбейтініне біліп, шекараның темір сымы арқылы Қазақстанға өтіп, Шарбақты ауданының Алексеевка ауылы жанында шекара қызметкерлерімен ұсталған.

 Сот шетелдікті ҚК 392 б. 1 б. бойынша айыпты деп танып, Қазақстан Республикасы аумағынан бес жылға шығарумен жазасын төмен қауіпсіз мекемеде өтеумен 6 айға бас бостандығын айыру жазасын тағайындады. Сотталушы сот залында қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі