Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Медиация кабинеті ашылды
Басты Сот және сот төрелігі Медиация кабинеті ашылды

Шарбақты аудандық сотында кәсіби медиатор Д.Букеновпен кездесу ұйымдастырылды.

          Кездесу барысында сот төрағасы Х.Сраилов 2011 жылдың 5 тамызынан бастап Қазақстанда «Медиация туралы» ҚР Заңы қолданысқа енгізілді. Медиация жанжалдарды баламалы шешудің жеңіл түрі болып табылады. Медиация рәсімі тараптардың өзара тиімді шешімге келуіне, судьялардың жұмысын жеңілдетуге арналған.

         Аудандық сотта тараптарға арналған жанжалды реттеу туралы келісім жасауға барлық жағдай жасалған медиация кабинеті ашылды. Кабинет жиһаз, техникамен жабдықталған.

         Медиация кабинеті азаматтарға дауларды шешуге және келісімге келуге мүмкіндік береді.

           Кездесу соңында қатысушылар медиаторлардың соттағы қылмыстық, азаматтық процестегі рөлін айқындады.

         «Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»

IMG_20180605_160844