Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Заңды маңызы бар факт анықталды
Басты Сот және сот төрелігі Заңды маңызы бар факт анықталды

Шарбақты аудандық сотымен анасы мен баласы арасындағы туыстық қатынасты анықтау туралы азаматтық іс қаралды.

Өтініш беруші сотқа өзінің 1929 жылы туылып, 2018 жылы қайтыс болған  анасыны баласы екендігін жазып, өтініш түсірді. Анасы қайтыс болғасын ақпан айы үшін алынбаған зейнетақы түрінде мұра ашылған. Өзінің туу туралы куәлігінде анасының есімі мен тегі теріс жазылған. Аталған қателер мұра қабылдап алуға және қайтыс болу бойынша бір рет берілетін көмек ақы алуға бөгет екендігін түсіндірді.

Сот берілген дәлелдерді және куәгерлердің түсіндірмесін зерттеп, өтінішті қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

 

Шешім заңды күшіне енді

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі