Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Темір ұрлығы

Шарбақты аудандық сотымен жеке мүлік ұрлығы бойынша Павлодар қаласының тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

2017 жылдың 12 қарашасында сағат 20 шамасында сотталушы Сретенка ауылында орналасқан гараждан темір 4 рельсті ұрлап кеткен. Ол онымен шектелмей бос тұрған үйге келіп, темір ыдысты және тіркегіштің қаңқасын ұрлаған. Ұрланған заттарды сотталушы тракторға тиеп, темір қабылдау орнына тапсырған.

Ұрлық барысында жәбірленушілерге жалпы сомасы 400 000 тенгеге шығын келтірілген.

Сот оны ҚК 188 б. 2 б. бойынша айыпты деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

 

Үкім заңды күшіне енді.

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі