Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шетелдік азаматша ел аумағынан мәжбүрлеп шығарылды
Басты Сот және сот төрелігі Шетелдік азаматша ел аумағынан мәжбүрлеп шығарылды

 

Шарбақты аудандық сотымен сот шешімен орындамағаны үшін Ресей Федерациясының азаматшасына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Астана қалалық сотының қаулысына сәйкес көш-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік азаматшаға Қазақстан Республикасы аумағынан шығару туралы жаза тағайындалған. Сот құқықбұзушыны қаулы заңды күшіне енгеннен кейін ел аумағын тастап шығуға міндеттеген. Бірақ сотталушы сот қаулысын орындамаған.

Сотта сотталушы кінәсін толығымен мойындап, ақшалай қаражат қиындығына байланысты ел аумағынан шықпағанын түсіндірді.

Сот шетелдік азаматшаны ҚК 393 бабы бойынша айыпты деп танып, Қазақстан Республикасы аумағынан 5 жылға шығарумен 60125 тенге айыппұл тағайындады.

 

Үкім заңды күшіне енді.

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі