Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шетел азаматтығын алғанын хабарламаған
Басты Сот және сот төрелігі Шетел азаматтығын алғанын хабарламаған

 

Шарбақты аудандық сотымен белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін, 1993 жылы туылған ҚР бұрынғы азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес құқықбұзушы Ресей Федерациясының азаматтығын алып, 2018 жылдың 18 қаңтарында РФ паспортын алған. Бірақ ол туралы белгіленген отыз күн ішінде ҚР уәкілетті органдарына хабарламаған.

Сотта құқықбұзушы кінәсін мойындап, заңнама нормаларын білмеуіне байланысты хабарламағанын түсіндірді.

Сот оны ӘҚБК 496 б. 2 б. бойынша кінәлі деп танып, 481 000 тенге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. ӘҚБК 819 б. 2 б. сәйкес айыппұл көлемі отыз пайызға 336 700 тенгеге қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енбей тұра құқықбұзушы өз еркімен айыппұл тағайындады.

 

      Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

     «Шарбақты аудандық сотының

     баспасөз қызметі»