Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Есірткіні заңсыз өткізбек болған
Басты Сот және сот төрелігі Есірткіні заңсыз өткізбек болған

Шарбақты аудандық сотымен ҚР шекарасына есірткі затын ірі көлемде заңсыз алып өтпек болған Ресей Федерациясының азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың 30 желтоқсанында «Шарбақты» (автомобильное) шекара өткізу бекетінде шекара қызметкерлерімен «Тойота Королла» маркалы автокөлігін тексеру барысында қызметтік иттің көмегімен жүк салғыштың ішінен салмағы 7,41 грамм есірткі зат – гашиш табылған.

Сотталушы сот отырысында кінәсін мойындап, есірткі оралған ораманы Павлодар қаласында тауып алғанын түсіндірді. Есірткіні шекара арқылы алып өтуге ойы болмаған.

Сот сотталуышыны ҚК 296 б. 3 б., 286 б. 5 б. 5 т. бойынша айыпты деп танып, оның үшінші топтағы мүгедек екенін ескері отыра, ҚК 55 бабы 4 бөлігін қолданып көзделген жазадан жеңіл жаза 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Сондай ақ, «Тойота Королла» маркалы автокөлігін қылмыс құралы ретінде мемлекет пайдасына тәркіленді.

 

Үкім заңды күшіне енді.

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі