18 Сентября
, 21:05
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мас жүргізуші жазаланды
Басты Сот және сот төрелігі Мас жүргізуші жазаланды

Шарбақты аудандық сотымен қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, 1984 жылы туылған ауыл тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы бұрын көлік жүргізу құқығынан айрыла тұра Шарбақты ауылында 2018 жылдың 20 сәуірінде Шарбақты ауылында «ВАЗ-21093» көлігін алкогольді мас күйінде басқарып келе жатқанда ұсталған.

Сотталушы кінәсін толығымен мойындап, көлікке отырмас бұрын бір бөтелке сыра ішкенін және көлік басқаруына қайтара мас күйінде отырғанын түсіндіре алмады.

Сот оны ҚК 346 бабы 1 бөлігі бойынша айыпты деп танып, үш жылға көлік жүргізумен байланысты қызметпен айналысуға тиым салумен, түзету жұмыстарына тарту жазасын тағайындады.

 

Үкім заңды күшіне енді.

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі