Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мектептегі ұрлық
Басты Сот және сот төрелігі Мектептегі ұрлық

Шарбақты аудандық сотымен Шалдай ауылының еш жерде жұмыс істемейтін тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2018 жылдың 7 сәуірінде сағат 21 шамасында сотталушы Шалдай мектебінің ауласының төрт темір қоршауын ұрлап, 40000 тенге көлемінде мектепке зиян келтірген.

Сот талқылауы басталмас бұрын мектеп өкілінен ұрланған заттардың толық қайтарылуына байланысты іс өндірісін қысқарту туралы өтініш түсті.

Сот сотталушына ҚК 188 б. 1 б. бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатып, іс татуласуға байланысты қысқартылды.

 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі