Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Заңсыз қару сақтаған
Басты Сот және сот төрелігі Заңсыз қару сақтаған

Шарбақты аудандық сотымен ішкі істер органдарында тіркеусіз заңсыз қару сақтаған аудан орталығының, 1971 жылы туылған  тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

         2018 жылдың 24 ақпанында полиция қызметкерлері әйелдің үйінен заңсыз сақталған тегіс ұңғылы «ИжК» маркалы қаруды анықтап,  тәркілеген.

        Сотта құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, аталған қару өзінің бірінші күйеуінен қалғанын түсіндірді.

         Сот сараптамасына сәйкес мылтық атуға жарамды.

         Сот оны ӘҚБК 482 б. 1 б. айыпты деп танып, тағайындалған айыппұл көлемі  33670 тенгеге қысқартылды. Сондай ақ, қару мемлекет пайдасына тәркіленді.

         Қаулы заңды күшіне енді.

 

          Шарбақты аудандық сотының

          баспасөз қызметі