Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мас күйінде көлік жүргізген
Басты Сот және сот төрелігі Мас күйінде көлік жүргізген

Шарбақты аудандық сотымен қылмыстық құқықбұзушылық жасаған ауыл тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2018 жылдың 16 наурызында Шарбақты ауылында бұрын көлік жүргізу құқығынан айрылған тұрғын «ВАЗ-21093» көлігін алкогольді мас күйінде басқарып келе жатқанда ұсталған.

Сотталушы кінәсін толығымен мойындап, көлік басқаруына қайтара мас күйінде отырғанын түсіндіре алмады.

Сот оны ҚК 346 бабы 1 бөлігі бойынша айыпты деп танып, үш жылға көлік жүргізумен байланысты қызметпен айналысуға тиым салумен, 120 сағата қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

 

          Шарбақты аудандық сотының

          баспасөз қызметі