Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Емделуге мәжбүрлеп жолдады
Басты Сот және сот төрелігі Емделуге мәжбүрлеп жолдады

Шарбақты аудандық сотымен есіркіге тәуелді Шарбақты ауылында тұратын, 1979 жылы туылған  әйелді мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы іс қаралды.

      Аталған азаматшаның ағасы сотта қолдаухатты қанағаттандыруды сұрап, қарындасының көп жылдан бері алкогольді ішімдік ішуге тәуелді екендігін түсіндірді. Ауру тәуелділіктен емделуге келісім білдірді.

      Сотта участкелік инспектор аталған азаматша тұрғылықты жер бойынша теріс жағынан мінезделетінін, ішімдік ішетінін және әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын көрсетті.

       Сот шешімімен ауруханының қолдаухатты қанағаттандырып, ол 6 айға емдеуга жолданды.

       Шешім заңды күшіне енді.

 

       Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі